2022 жылдың басынан бері 1,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Қазақстанға келген қандастардың көбі Өзбекстаннан
2022 жылғы 1 ақпандағы жағдайы бойынша 1 820 этникалық қазақтар тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 89,7 мың этникалық қазақ оралды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты хабарлады.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (73,5%) Өзбекстаннан, 11,8% – Қытайдан, 3,7% – Түрікменстаннан, 3,1% – Моңғолиядан және 8,1% басқа елдерден.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,5%), Маңғыстау (15,7%), Түркістан (14,0%) және Жамбыл (6,6%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6,4%), Нур-Султан (7,4%) және Шымкент (8%) қалаларына қоныстанды.
Осы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 24,3%-ды және зейнеткерлер 15,8%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 12%-ы жоғары білімді, 39,8%-ы орта кәсіби білімді, 47,1%-ы жалпы орта білімді және 1,1%-ының білімі жоқ.