«Қаңтар оқиғасына» қатысты қозғалған істердің саны 3 мыңнан асты

Жарияланды

Бұл істердің басым бөлігі жеке меншікке қол сұғу, бұзақылық және қару ұрлауға қатысты ашылған

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін қозғалған қылмыстық істердің саны 3096-ға дейін өсті, сонымен қатар заңсыз тергеу әдістері бойынша 178 қылмыстық іс тергелуде. Бұл туралы Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл негізінен меншікке қарсы қылмыстар, бұзақылық және қару ұрлығына қатысты қылмыс. Арнайы прокурорлар жетекшілік ететін ведомствоаралық тергеу тобы тәртіпсіздіктер мен лаңкестік әрекеттерге қатысты 181 фактіні тергеп жатыр.

16 ақпандағы жағдай бойынша, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, ҰҚК және жемқорлыққа қарсы агенттер тергеп жатқан барлық істер бойынша 741 күдікті қамауда отыр. Олардың ішінде бұрын сотталған 113, тыйым салынған экстремистік ағымдардың 42 және ұйымдасқан қылмыстық топтың 35 мүшесі бар.

Сондай-ақ Бас прокуратураға құқық қорғау органдарының әрекетіне қатысты 636 арыз-шағым түсті, олар тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыз