Жаңалықтар

Қазақстанда тікұшақ түріндегі дрондардың бірегей өндірісі іске қосылды

Болашақта осы дрондардың көмегімен көп жұмыстар атқаруға болады

Қазақстан Республикасында алғаш рет жүктердің әртүрлі нұсқаларын пайдалану мүмкіндігі бар «IRBIS-4.0» тікұшақ түріндегі ұшқышсыз ұшу аппараттарының өндірісі іске қосылды.

Дрон-тікұшақтар «SC Tech» ЖШС құрастыру-сынау кәсіпорны базасында бақылау сынақтарын жүргізе отырып өндіріледі және жиналады.

«Бұған дейін компания әуе нысандары мен әскери ұшақтарды жасаумен айналысқан. Мысалы, ұшақ түріндегі ұшу аппараттары әуе шабуылына қарсы қорғаныс ӘШҚ әскерлерінің бөлімшелерін жаттығу және оқыту мақсатында қолданылды. Ағымдағы кезеңде, біз өз топтамамызды кеңейте отырып, өнеркәсіптік және азаматтық секторларға арналған пайдалы жүктеменің түрлі нұсқаларын 7 килограмға дейін пайдалану мүмкіндігі бар Қазақстандағы алғашқы тікұшақ түріндегі дрондарды таныстырамыз. Бұл тікұшақ түріндегі дрондар әртүрлі қажеттіліктер үшін қолданылуы мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, осы құрылғымыз тапсырыс берушілеріміз бен мемлекеттік органдардың барлық үміттерінен асып түседі» – деп түсіндірді «SC Tech» ЖШС директоры Ардақ Бектасов.

«SC Tech» ЖШС «IRBIS-4.0» тікұшақ түріндегі дрондар экономиканың өнеркәсіптік және азаматтық секторларының қажеттіліктері үшін пайдалануды таныстырады және топтамамызды кеңейтеді.

Болашақта техникалық қызмет көрсету мен сүйемелдеуді қамтамасыз ететін қазақстандық кәсіпорында шығарылатын осы дрондардың көмегімен төмендегі қызметтердің кең ауқымын шешуге болады:

– орман, су шаруашылығы объектілерінің экологиялық мониторингін жүргізу;

– электр энергетикасы, мұнай-газ өнеркәсібі кәсіпорындарының, құрылыс объектілері мен тау-кен өндіру кәсіпорындарының инспекциясы;

– ТЖ алдын алу және ауқымын бағалау үшін мониторинг жүргізу;

– жетуге жолы қиын аудандарға шағын көлемді жүктерді шұғыл жеткізу;

– қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету үшін мониторинг жүргізу және т.б.

Осы уақытта «SC Tech» ЖШС Қазақстан Республикасының қорғаныс-өнеркәсіп кешенімен белсенді түрде ынтымақтаса отырып, әскери мақсаттағы бірнеше жобалар іске асырылды және әзірленуде. 2021 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелеріне алғашқы екі ұшқышсыз «IRBIS-4.0» авиациялық кешені жеткізілді.