Қазақстандық банктер мемлекеттік кірістер комитетіне жеке тұлғалардың кәсіпкерліктен кіріс алу белгісі бар аударымдары туралы мәлімет беретін болады. Тиісті құжат «Ашық НҚА» сайтында талқылауға шығарылған. Ашық талқы 2022 жылдың 2 наурызына дейін жалғасады. ҚР Қаржы министрлігінің бұйрығы алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік 10 күннен соң күшіне енеді.
Бұйрық жобасында кәсіпкерлік қызмет белгілері бар операциялардың өлшемдері туралы жазылған. Мұндай операцияларға жеке тұлғаның картасына үш ай ішінде 100-ден аса адамның ақша аударуы жатқызылады.
Банктер мен ақша аударымын жүзеге асыратын ұйымдар мемлекеттік кірістер комитетіне жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген адамдардың ақша аударымы жайлы осындай мәліметті береді. Одан кейінгі шешімді МКК қабылдайды.
2021 жылдың қарашасында Сенат Салық кодексінде мобильді аударымдарды реттейтін түзетулерді қабылдады. Бұл түзету мен өзгерістің мақсаты – кәсіпкерлердің тауар мен қызмет ақысына мобильді аударымдар арқылы алатын кірісін көлеңкеден шығару. «Мобилді төлем» түсінігі, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға тауар мен қызмет ақысын арнайы есепшотқа қабылдау мәндеттелді.
Яғни, кәсіпкерлерге мобильді аударымдарды жеке және «бизнес-класс» аударымдарына бөлу қажет делінген.
Қаржы министрлігінің аударымдарды реттеу жөніндегі жоспарына түсінік бере отырып, Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев (қазіргі Алматы әкімі) мұндай шаралар көлеңкелі экономика үлесін азайтуға бағытталғанын айтқан еді.