Жалған ақпарат таратқаны үшін 13 қылмыстық іс тергелді
Қазақстанда қоғамдық сананы бақылауға алу үшін ақпараттық соғыс жүріп жатыр, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов.
Оның айтуынша, шетелде тіркелген 50-ден астам әлеуметтік желіде аккаунт ашылған. Жалған ақпарат тарату бойынша 13 қылмыстық іс тергелуде. Қазірдің өзінде екі күдікті қамауға алынып, тағы екеуі үйқамаққа алынды.
Сонымен, Қостанайда Telegram желісінде СОБР қызметкерлері шеруге шыққандар жағына өтіп кетті деген ақпарат таратқан ер адам ұсталды. Қызметкерлер атынан ол ешкімді ұстамайтындығы туралы екі смс жазып, митингке шығуға шақырды. 10 қаңтарда Ақмола облысының тұрғыны полиция қызметкерлерін өлтіруге шақырған жазба жариялаған.