Сенат Жоғарғы Сот судьясын қызметінен босатты
Жарияланды
Жаңалсын Архарова қызметінен кетті
Парламенттің жоғарғы палатасының отырысында сенат депутаттары Жоғарғы сот судьясы Жаңылсын Архарованы қызметінен босатуға дауыс берді.
Ол 2012 жылдан бері Жоғарғы Соттың судьясы. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы және БҚО Бөрлі аудандық сотының төрағасы қызметтерін атқарған.
Өткен жылы қызметінен кетуіне байланысты Жоғарғы Соттың судьясы Лариса Шепелева қызметінен босатылған болатын.