Президент Ақордаға шабуыл жоспарланғанын мәлімдеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «қаңтар оқиғасы» кезінде қарулы қарақшылар Ақордаға шабуыл жасауға дайын болған деп мәлімдеді. Бұл туалы мемлекет басшысы Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында айтып өтті.
«Қарулы қарақшылар Алматыны қиратып, басқа қалаларға қауіп төндірді. Елордада лаңкестердің дайындық жұмыстары байқалды. Олар тіпті Ақордаға шабуыл жасауға дайын болды. Кейбір беделді сарапшылар лаңкестердің жоспары Қазақстанның басты екі қаласын басып алу болған деп айтуда. Бұл Сириядағы сценарийге ұқсас жоспар».
Қасым-Жомарт Тоқаев
Сондай-ақ, мемлекет басшысы қаңтар оқиғасынан кейін «Қазақстан Ресейге қарыз болып қалды, көрші ел бізді құтқарды» деген мәселелерге кеңінен тоқталды. Айтуынша бұл құтқару емес. Ортақ мүддемізді қорғау. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ортақ альянс. Олардың бітімгер әскері келгенде өз елдерінің де қауіпсіздігін ойлады. Сол ұшын қол ұшын созды деді президент.
«Путинге қарыз боп қалдық дегенге келсек, бұл бос әңгіме. Мұны доғару керек. Біріншіден, ҰҚШҰ контингенті Путиннің немесе Ресейдің жеке әскері емес. Оған мүше елдердің бәріне ортақ. Қазақстан осы ұйымның толыққанды мүшесі және оның қалаушысы. Қазақстанның тұрақтылығы Ресейге өте қажет. Оны дұрыс түсінуіміз керек. Ресеймен арамызда шынайы достық пен өзара сенім болу керек. Біз ешкімге қарыз емеспіз. Қазақстан егемен мемлекет».
Қасым-Жомарт Тоқаев