Қазақстанның бірқатар кен орны аукционға шығарылады

Жарияланды
170-тен аса келісімшарттың міндеттемелері дұрыс орындалып жатқан жоқ

Елімізде пайдалы қазбаларға қатысты 148 және көмірсутек шикізатына қатысты 27 келісімшарттың міндеттемелері дұрыс орындалмай келгені анықталған. Қазіргі кезде күйін жояйын келісімдер мен шарттар анықталып жатыр. Оған қоса инвестор тарту үшін кейбір кен орындары аукционға шығарылмақ.

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр өткізген қатты пайдалы қазбалар мен көмірсутек шикізаты кен орындарын тексеру мәселесі жөніндегі жиында айтылған.

Қазіргі кезде ел укіметі жер қойнауын пайдаланушыларға берілген келісімшарттар мен лицензияларды қайта қарып жатыр. Осы талдау нәтижесінде уәкілетті органдар міндеттемелерін дұрыс орындамай отырған қатты пайдалы қазбаларға қатысты 148 және көмірсутек шикізатына қатысты 27 келісімшарт анықталған.

Тиісті Жол картасы аясында жұмысын тоқтататын шарттар мен лицензиялар анықталып жатыр. Осы жұмыс нәтижесінде кен орындары жаңа инвесторларға беру үшін аукционға шығарылады. Аукционда жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну барлық мүдделі инвесторлардың қатысуына тең мүмкіндік береді.

Аукциондарды өткізу туралы ақпарат мемлекеттік органдардың республикалық баспа басылымдарында және интернет-ресурстарында міндетті түрде орналастырылады. Қабылданып жатқан шаралардың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдалану саласына, бірінші кезекте қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру бойынша инвестиция ағыны артуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз