Инвестиция

Moderna, Alibaba мен eBay осы аптада есеп береді

Компаниялар IV тоқсандағы қаржы есебін жариялайды

Осы аптада әлемдік ірі компаниялар 2021 жылдың IV тоқсанындағы есебін жариялауды жалғастырады. Alibaba Group Holding, eBay, Home Depot, Moderna, Royal Bank of Canada өз қаржы есебін жариялайды. Бүл туралы Barron’s хабарлайды.

Дүйсенбі, 21 ақпанда АҚШ-тағы қор биржалары елде Президент күнін атап өтуге байланысты жабылды.

Сейсенбі, 22 ақпанда өлшеу жабдықтарын өндіретін Agilent Technologies компаниясы, CenterPoint Energy электр және газ компаниясы, Home Depot сауда желісі, медициналық жабдықтарын өндіруші Medtronic, Palo Alto Networks ақпараттық қауіпсіздік компаниясы, жылжымайтын мүлік саласындағы инвестициялық траст Public Storage қаржылық есебін жариялайды.

IHS Markit сатып алу менеджерлерінің ақпан айындағы өндірісі мен қызмет көрсету саласындағы индекстері туралы ақпарт орналастырады. Конференция Кеңесі сол кезеңдегі тұтынушылар сенімі индексін жариялайды.

Сәрсенбі, 23 ақпанда booking Holdings технологиялық компаниясы, eBay интернет-дүкені, Lowe’s бөлшек сауда компаниясы, Molson Coors Beverage компаниясы, Stellantis автомобиль компаниясы есеп береді.

Сол күні БҰҰ Бас Ассамблеясы Украинадағы шиеленісті талқылайтын отырыс өткізеді.

Бейсенбі, 24 ақпанда тоқсандық нәтижелерін Alibaba Group Holding интернет-коммерция компаниясы, American Electric Power Электр энергетикасы кәсіпорындарының иесі, CBRE Group коммерциялық жылжымайтын мүлік компаниясы, Coinbase Global, Dell Technologies, Moderna компаниялары мен Norwegian Cruise Line Holdings круиз маршруты операторы, Royal Bank of Canada жариялайды.

Сонымен қатар, экономикалық талдау бюросы екінші рет 2021 жылдың төртінші тоқсанындағы жалпы ішкі өнім бағамын жариялайды. Экономистер ЖІӨ-нің жылдық өсу қарқын 5,9% болады деп болжайды.

25 ақпан, жұма күні Canadian Imperial Bank of Commerce Банкінің, шикі мұнай мен газды өндіру, өткізумен айналысатын EOG Resources компанияның, Liberty Media және Sempra Energy энергосервис ұйымының табысы туралы деректер белгілі болады.

Халық санағы бюросы қаңтардағы ұзақ мерзімді тауарлар туралы есебін жариялайды. Ұлттық риэлторлар қауымдастығы қаңтар айындағы тұрғын үй сатылымы индексі туралы мәліметтерін бөліседі. Ал экономикалық талдау бюросы АҚШ-та қаңтардағы жеке кіріс пен шығыстар туралы деректерді ашады.