Бас прокуратура өкілі Ризабек Ожаров «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында мәлімдеді
Қаңтар оқиғасына қатысы бар деген 6 адам тергеу абақтысында көз жұмған. Бұл туралы t.me/atamekenbusiness_qaz Telegram арнасы Бас прокуратура өкілі Ризабек Ожаров «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында мәлімдеді деп хабарлады.
Оның айтуынша, ведомство тыйым салынған әдістерді қолдану және өлім деректері бойынша қылмыстық істерді өндіріске алған.
«Біздегі деректерге сәйкес, Алматыдағы уақытша тергеу абақтысында 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 3 адам, Талдықорғанда – 1 адам көз жұмған», – деді Бас прокуратура өкілі.