Путин Ресей Қарулы күштерін ДХР мен ЛХР-да пайдалана алады

Жарияланды (жаңартылды )

Федерация Кеңесі Президенттің армияны пайдалану туралы өтінішін бірауыздан қолдаған


Федерация кеңесі Ресей президенті Владимир Путинге Ресей «тәуелсіз ел» деп мойындаған жікшіл Донецк және Луганск халық республикаларында қарулы күшін пайдалануға рұқсат берді, деп хабарлайды РБК.

Сенаторлар бұл шешімді кезектен тыс жиында бірауыздан қабылдады.

Дауыс беру алдында палата спикері Валентина Матвиенко бұл шешім Донбасста бейбітшілік орнатуға, қанды азамат соғысын тоқтатуға бағытталуы тиіс деді.

Отырыс басында қорғаныс министрінің орынбасары Николай Панков сенаторлар алдында сөз сөйлеп, бір күн бұрын Ресей ДХР және ЛХР-мен достық және өзара көмек туралы келісімдерге қол қойғанын еске салды.

Сондай-ақ оқыңыз