Қарт адамдарды алдаған «әлеуметтік қызметкер» ұсталды

Жарияланды

Алматыда 93 жастағы зейнеткерді алдаған алаяқ анықталды

Алматыда қарт адамдарды алдаған «әлеуметтік қызметкер» әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйел өзін әлеуметтік қызметкер ретінде таныстырып, қарт адамдардың сеніміне кіріп, ақшасын ұрлап кеткен.

» Осы қылмыстарды жасады деген күдікпен Алматы облысының 38 жастағы тұрғыны ұсталды. Жәбірленушілердің айтуынша, әйел пәтерге кіріп, өзін әлеуметтік қызметкермін деп таныстырып, қандай да бір жәрдемақы аламын деген желеумен ірі көлемде ақша айырбастап беруді сұраған, әңгімелесуші бөлмеге кіріп кеткен кезде ол ақшаны ұрлаған. Келтірілген залал әртүрлі соманы құрады: бір зейнеткер ас үйге барып келгенше, қаскөй 1 миллион теңгені ұрлап, барлық ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі уақытта ұсталғанға қатысты екі бірдей эпизод дәлелденді», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Екі жәбірленуші – 1929 және 1930 жылы туған зейнеткерлер, күдіктіні таныды. Бірақ полиция қызметкерлері жәбірленушілердің көп болуы мүмкін екендігіне сенімді.

Сондай-ақ оқыңыз