Жаңалықтар

Путин ресейліктерге шұғыл үндеу жасады

Ресей президенті Донбастағы әскери операцияны жариялады

Ресей президенті Владимир Путин Донбасста арнайы әскери операция жүргізілетінін хабарлады. Трансляцияны «Россия-24» телеарнасы жүргізді.

«Біз КСРО ыдырағаннан кейін жаңадан құрылған елдердің барлығына құрметпен қараймыз. Бұған мысал ретінде Қазақстанға көрсеткен көмегімізді айтуға болады», – деді Путин.

Президенттің айтуынша, Ресей Украина аумағынан үнемі қауіп төніп тұрған жағдайда өмір сүре алмайды. Ол Донбасс халық республикаларының Ресейге көмек сұрап жүгінгенін атап өтті.

«Сіз бен менің халқымызды қорғаудың бірде-бір мүмкіндігі қалмады, тек бүгінгі таңда қолданатын мүмкіндікті қоспағанда.

Путин оның жоспарларында Украинаны оккупациялаудың жоқтығын баса айтты.