Утильалым мөлшері төмендеді: енді қазақстандықтар автокөлік үшін қанша төлейді?
Қазақстанда автокөліктің барлық түрі мен ауылшаруашылық техникасына утильлым мөлшері 50%-ке төмендейтіні хабарланды. Алайда бұл көрсеткішті келешекте төмендету немесе көтеру мәселесі тағы қаралады. Kursiv Media бұл өзгерістерге байланысты шолу жасады.
Утилизация алымы деген не?
Утилизация алымы – мемлекетке төленетін бір реттік төлем, ол келешекте көлікті утилизацияға жіберген кезде жұмсалуға тиіс қаржы. Қазақстанда көлікті елге алып келгенде төленетін утильалым 2016 жылы 1 қаңтарда енгізілді.
Утильалымды актокөлік өндірушілер, ресми импорттаушылар және автомобильдерді Қазақстанға әкелгісі келетін жеке тұлғалар төлеуге міндетті. Қозғалтқыш көлемі мен автокөлік түріне байланысты ол бірнеше миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін.
Бұған дейін қазақстандықтар утильалымға қарсы шығып, соған байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке утильалым мөлшерін қайта қарауды тапсырды. Содан кейін елде ведомствоаралық жұмыс тобы жұмыс істей бастады, оларға төленетін соманы қайта ұсыну міндеті жүктелді.
Бұған дейін утильалымға жауап берген жекеменшік «Оператор РОП» компаниясының қызметі 11 қаңтарда тоқтатылып, жаңа оператор болып «Жасыл даму» мемлекеттік компаниясы бекітілді.
Осылайша 2022 жылдың 24 қаңтарынан бастап утилизация төлемін қабылдау қайта іске қосылды.
23 ақпанда премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр утильалым мөлшері 50%-ке төмендейтінін мәлімдеді.
«Автокөліктің барлық түрі және ауыл шаруашылығы техникасы бойынша утильалымның мөлшерін 50 процентке төмендетуге мүмкіндік бар» деді Скляр.
Утильалым қалай есептеледі?
Утилизация алымы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) бойынша есептеледі. 2022 жылы 1 АЕК – 3 063 теңге болып белгіленген.
Утильалым автокөлік қозғалтқышы көлеміне қарай төленеді. Оның нақты формуласы мынадай:
қозғалтқыштың көлемі 1 000 см3-ге дейін болса – 50 АЕК (145 850) х 3 (коэффициент) = 459 450 теңге;
қозғалтқыштың көлемі 2 000 см3-ге дейін – 50 АЕК (153 150 теңге) х 7 (коэффициент) = 1 072 050 теңге;
қозғалтқыштың көлемі 3 000 см3-ге дейін – 50 АЕК (153 150 теңге) х 10 (коэффициент) = 1 51 500 теңге.
Кейінгі өзгерістерге байланысты бұл төлем екі есе азаяды.
Утильалым мөлшері қандай?
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәліметіне сәйкес, жеңіл көліктерге арналған утильалым мөлшері көліктің қозғалтқыш көлеміне қарай мынадай:
- 1 мың см³-ге дейін – 229 725 теңге (бұған дейін 459 450 теңге болған);
- 1 001-ден 2 000 см³-ге дейін – 536 025 теңге (бұған дейін 1 072 050 теңге болған);
- 2 001-ден 3 000 см³-ге дейін – 765 750 теңге (бұған дейін 1 531 500 теңге болған);
- 3 001 см³-ден жоғары – 1 761 225 теңге (бұған дейін 3 522 450 теңге болған).
Ал электр қозғалтқышы бар көліктерге утильалым салынбайды. Бұл тізімге гибридтік көліктер кірмейді.
Жүк көліктеріне арналған утилизациялық алым массасына қарай салынады:
- 2,5 тоннаға дейін – 536 025 теңге (бұған дейін 1 072 050 теңге болған);
- 2,5-нан 3,5 тоннаға дейін – 1 148 625 теңге (бұған дейін 2 297 250 теңге болған);
- 3,5-нан 5 тоннаға дейін – 1 148 625 теңге (бұған дейін 2 297 250 теңге болған);
- 5-тен 8 тоннаға дейін – 1 225 200 теңге (бұған дейін 2 450 400 теңге болған);
- 8-ден 12 тоннаға дейін – 1 454 925 теңге (бұған дейін 2 909 850 теңге болған);
- 12-ден 20 тоннаға дейін – 1 608 075 теңге (бұған дейін 3 216 150 теңге болған);
- 20-дан 50 тоннаға дейін – 3 139 575 теңге (бұған дейін 6 279 150 теңге болған);
- электр қозғалтқыш орнатылған жүк көліктерінің утилизациялық алым мөлшері – 0 теңге.
Автобустарға арналған утилизациялық алым қозғалтқыштың көлеміне қарай мынадай болып бекітілді:
- 2,5 мың см³-ге дейін – 612 600 теңге (бұған дейін 1 225 200 теңге болған);
- 2,5-нан 5 мың см³-ге дейін – 1 225 200 теңге (бұған дейін 2 450 400 теңге болған);
- 5-тен 10 мың см³-ге дейін – 1 608 075 теңге (бұған дейін 3 216 150 теңге болған);
- 10 001 см³-ден жоғары – 2 067 525 теңге (бұған дейін 4 135 050 теңге болған);
- электр қозғалтқыш орнатылған автобустар – 0 теңге. Бұған гибридтік көліктер кірмейді.
Тракторларға арналған утильалым қозғалтқыштың қуатына қарай, ат күшімен өлшенеді. Жаңа өзгерістерге байланысты утильалым мөлшері 306 мың теңгеден басталады:
- 60 ат күшіне дейін – 306 300 теңге (бұған дейін 612 600 теңге болған);
- 61-ден 130 ат күшіне дейін – 842 325 теңге (бұған дейін 1 684 650 теңге болған);
- 131-ден 220 ат күшіне дейін – 2 603 550 теңге (бұған дейін 5 207 100 теңге болған);
- 221-ден 380 ат күшіне дейін – 4 441 350 теңге (бұған дейін 8 882 700 теңге болған);
- 380 ат күшінен жоғары – 6 126 000 теңге (бұған дейін 12 252 000 теңге болған).
Комбайндарға арналған утильалым қозғалтқыштың қуатына қарай есептеледі
- 160 ат күшіне дейін – 1 378 350 теңге (бұған дейін 2 756 700 теңге болған);
- 161-ден 220 ат күшіне дейін – 3 522 450 теңге (бұған дейін 7 044 900 теңге болған);
- 221-ден 255 ат күшіне дейін – 4 900 800 теңге (бұған дейін 9 801 600 теңге болған);
- 256-дан 400 ат күшіне дейін – 5 819 700 теңге (бұған дейін 11 639 400 теңге болған);
- 400 ат күшінен жоғары – 6 891 750 теңге (бұған дейін 13 783 500 теңге болған).
Автокөлік жеңілдетілген шартпен кредитке беріледі
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың хабарлауынша, утильалыммен айналысатын «Жасыл даму» АҚ есепшотында 200 миллиард теңгеден астам қаржы қалды.
«Осы қаражат халық игілігі үшін жұмсалуы қажет. Бұл қаржыдан 100 миллиард теңге отандық көлікті сатып алуға арналған жеңілдетілген автокредит бағдарламасына бөлінеді» деді Скляр.
Оның айтуынша, автокредиттің жылдық мөшерлемесі 4% болады. Мұндай жағдайда алғашқы жарна талап етілмейді. Жеңілдетілген автокредит бағасы қымбат емес көліктерге берілмек, нәтижесінде 71 мың адам жаңа көлікті қолжетімді бағамен ала алады.
Ал мұның алдында автокредит бағдарламасында жылдық мөлшерлеме – 7%, кредит 7 жылға берілген. Алғашқы жарна ретінде автокөлік бағасының 20%-ін құю міндеті болған. Сондай-ақ 15 миллион теңгеге дейінгі көліктерді рәсімдеуге мүмкіндік берілген.