1 наурыздан бастап Грузия барлық шетелдіктерге кіруге рұқсат береді

Жарияланды

Сынаманы алған сәттен бастап 72 сағаттан аспаған теріс нәтижесі бар ПТР-тест бойынша

1 наурыздан бастап Грузия сынаманы алған сәттен бастап 72 сағаттан аспаған теріс нәтижесі бар ПТР-тест бойынша барлық шетелдіктерге кіруге рұқсат береді. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram ккканалы хабарлады.

Сондай-ақ, шетелдік туристер Грузияға кез-келген препаратпен вакцинация туралы сертификатпен кіре алады.

 Сонымен қатар, елге келгеннен кейінгі үшінші күні ПТР тестін тапсыру талабы жойылады.

Грузияда наурыздан бастап барлық ковидтік шектеулер алынып тасталады.

Сондай-ақ оқыңыз