ЕО ресейлік әуе компанияларына ұшақтарды сатуға тыйым салады
Жарияланды
Тыйым бөлшектер мен жабдыққа да қатысты
Еуропалық Одақ ресейлік әуе компанияларына ұшақтар мен жабдықтарды сатуға тыйым салады, деп мәлімдеді Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
ЕК басшысының айтуынша, тыйым Ресей экономикасының негізгі секторы мен елдің коммуникациялық мүмкіндіктерінің деградациясына әкеледі.
«Қазіргі ресейлік коммерциялық әуе флотының төрттен үш бөлігі Еуропалық Одақ, АҚШ және Канадада салынған. Сондықтан ол оған қатты тәуелді», – деді ол.
Бұған дейін Еуроодақ елдерінің басшылары кезектен тыс саммитте Ресейге қарсы қаржы секторына, энергетика мен көлік секторларына, қос мақсаттағы тауарлар мен визалық саясатқа әсер ететін жаңа санкциялар туралы келісті.