Жаңалықтар

Жапония Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізді

Жапония премьер-министрі Кисида Ресейге қарсы жаңа санкцияларды жариялады

 Жапония Украинадағы жағдайға байланысты Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізіп жатыр, деп хабарлады премьер-министр Фумио Кисида. Бұл туралы РИА Новости мәлімдеді.

Оның айтуынша, ресейліктердің капиталы бұғатталып, Ресей азаматтарына виза беруге тыйым салынады.

«Қаржы ұйымдарының активтері бұғатталып, әскери мақсатта пайдалануға болатын тауарлар тізімін экспорттауға тыйым салынуда», – деп қосты Кисида жұма күні төтенше баспасөз мәслихатында.

Премьер-министр сондай-ақ Токио әскери өнеркәсіппен байланысты ресейлік ұйымдарға жартылай өткізгіштерді экспорттауға шектеулер енгізіп жатқанын айтты.