Қазақстанда украиндықтарға көмек көрсету үшін 20 млн теңгеден астам қаражат жиналды
Жарияланды
Қаражат 30 млн теңгеге дейін өседі деп болжануда
Қазақстан тұрғындары украиндықтарға гуманитарлық көмек көрсету үшін 20 миллион теңгеден астам қаражат жинап үлгерді. Бұл туралы саясаттанушы Досым Сәтбаев Facebook парақшасында айтты. Оның айтуынша, жақын арада бұл сома 30 миллион теңгеге жетеді.
«Украина елшілігіне украиналық бауырларымызды қолдауға үлес қосу үшін күн сайын адамдар келуде», – деді саясаттанушы.
Бұл ретте қаражаттың бір бөлігін дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсалады. Гуманитарлық көмекті Польша арқылы жеткізу жоспарлануда. Бұл орайда қазақстандықтарға Украинаның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі мен поляк серіктестері көмектесуде.
Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы Украина елшіліктерінің жанынан гуманитарлық көмекті қабылдау пункттері орнатылды.