Дүйсенбі күні Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттықта теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа өлшемді бағамы өткен жұмамен салыстырғанда 5,6%-ға (27,91 теңгеге) төмендеп, 1 доллар үшін 495 теңгені құрады, деп хабарлайды Интерфакс.
Қазақстан қор биржасы (KASE) басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская 30 мәміле жасалғанын, оның жалпы көлемі $159 млн құрағанын атап өтті.
Жұма күні Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттықта теңгенің АҚШ долларына қатысты орташа бағамы бір доллар үшін 467,09 теңгені құраған еді.
Дүйсенбі күні KASE-де теңге-доллар жұбының сауда-саттығы жергілікті уақыт бойынша сағат 15-те Франкфурт аукционы форматында ашылды.
Соңғы үш сауда күнінде Қазақстан қор биржасында (KASE) рубльге қатысты бірде-бір операция жасалмаған.