Еуроодақ Украинадан келген босқындарды қабылдауға дайын екенін мәлімдеді

Жарияланды

ЕО басшысы фон дер Ляйен: ЕО Украинадан босқындарды қабылдауға дайын

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Euronews телеарнасының эфирінде Еуропалық Одақтың Украинадан босқындарды қабылдауға дайын екенін айтты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

«Біз бірнеше апта бойы әртүрлі нұсқаларға дайындалдық. Әрине біз бұл босқындарды қабылдауға дайынбыз. ЕО-қа мүше елдермен бірге төтенше жағдайларға қарсы жоспарларымыз бар», – деді фон дер Ляйен.

Жексенбі күні Еуропалық ішкі істер комиссары Иова Йоханссон кем дегенде 300 000 украин азаматы елде болып жатқан оқиғаларға байланысты ЕО-ға кіргенін, олардың өте аз бөлігі ғана баспана немесе халықаралық қорғау туралы өтініш бергенін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз