Украина қаржылай көмек ретінде Австралиядан $3 млн алады
Жарияланды
Қару-жарақ және дәрі-дәрмек сатып алу үшін
Украина қару-жарақ және дәрі-дәрмек сатып алу үшін қаржылай көмек ретінде Австралиядан $3 млн алады. Бұл туралы ел премьер-министрі Скотт Моррисон мәлім етті,-деп хабарлады. t.me/atamekenbusiness_qaz Telegram каналы.
«Шұғыл шара ретінде Австралия НАТО арқылы Украинаға қару-жарақ пен дәрі-дәрмектерді сатып алу және жеткізу, сондай-ақ осы елге қаржылай көмек көрсету үшін шамамен 3 миллион доллар жібереді. Украинаға әскери техникалар мен қару-жарақтарды беру тәртібі НАТО-дағы серіктестермен және одақтастармен талқыланып, Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританиядағы әріптестермен арадағы келіссөздер аяқталғаннан кейін айтылады», – деді премьер-министр.