Қазақстанда запастағы офицерлер шақырылады
Жарияланды
ҚР Үкіметінің тиісті қаулысы Премьер-Министрдің интернет-ресурсында жарияланған
Қазақстанда биыл екі жылдық мерзімді әскери қызметке запастағы 190 офицер шақырылады, деп хабарлайды Интерфакс.
Үкіметтің 24 ақпандағы тиісті қаулысы сейсенбіде Премьер-Министрдің сайтында жарияланды және жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 2022 жылы заңда белгіленген тәртіппен екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылсын, офицерлер лауазымдарына әскери қызмет өткерсін» – делінген қаулыда.
Құжатқа қосымшаға сәйкес, биылғы жылы барлығы 190 запастағы офицер, оның ішінде Қарулы Күштердің 150 офицері және Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің 40 офицері шақырылуға жатады.