Қазақстандықтардың зейнетақы активтері қандай құралдарға салынды?
2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,1 трлн теңгені құрады
2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 13,1 трлн теңгені құрады. Бұл ретте ҚР ҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 13 096,03 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 7,7 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.
Зейнетақы активтерін Қазақстанның Ұлтттық Банкі (ҚРҰБ) мен инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) инвестициялауы туралы толық ақпарат, сондай-ақ, инвестициялық қызметке 2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланған.
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
2022 жылдың 1 ақпанында ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған бағыттар шеңберінде ҚРҰБ (сенімгерлік басқарушы ретінде) инвестициялауының негізгі бағыттары былайша берілген:
– ҚР Қаржы министрлігі шығарған, ағымдағы құны 5 106,21 млрд теңгені (бүкіл портфельдің 38,99%) құрайтын ҚР Мемлекеттік бағалы қағаздары. Теңгеге номиналданған ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 9,4%, ал АҚШ долларында – жылына 3,4% құрады.
– шетелдердің мемлекеттік бағалы қағаздары 2 257,71 млрд теңге болды. Олардың портфельдегі үлесі – 17,24%. БЖЗҚ-ның ЗА портфеліндегі есепті күндегі шет мемлекеттердің МБҚ өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 1,6%.
– ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (ағымдағы құны 1 676,01 млрд теңге (портфельдегі үлесі – 12,80%). ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 10,8%, АҚШ долларымен жылына 5,5%.
– ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары 949,57 млрд теңге (7,25%). ҚР ЕДБ теңгеге номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кірістілік есепті күнге жылына 10,2%.
БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісінде қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша берілген:
– ұлттық валютадағы инвестициялар – 68,17%, АҚШ долларында – 31,77%, Ресей рублінде және басқа валютада – зейнетақы активтері портфелінің 0,06%.
Федералдық резервтік жүйе монетарлық саясатты қатаңдатуы мүмкін деп күтіліп отырған жағдайда акциялар нарығының құлдырап, сыртқы және ішкі нарықтардағы облигацияларға кірістердің өсуі нәтижесінде 2022 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 12,13 млрд.теңгені құрады. 2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айда (2021 жылдың ақпаны мен 2022 жылдың қаңтары аралығында) зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 8,50% болған кезде 9,73% жетті. Осылайша, соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты табыстылық 1,23% көрсетті.