Украина төңірегіндегі қақтығыстың ушығуы аясында
Сауда-саттық қорытындысы бойынша 25 ақпанда теңгенің биржалық бағамы бір апта ішінде 7,1%-ға (428,32 теңгеден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 458,91 теңге деңгейінде қалыптасты. Дамушы нарықтар валюталарының серпіні Украина төңірегіндегі қақтығыстың ушығуы аясында көбінесе теріс болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.
Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні төмендегідей қалыптасты:
Оңтүстік Африка ранды жаһандық тәуекел-сентиментінің төмендеуі аясында 0,2%-ға (15,13-тен 15,16-ға дейін) әлсіреді;
Бразилия реалы Украинадағы дағдарыстың шиеленісуі және инфляциялық күтулердің өсуі аясында 0,2%-ға (5,14-тен 5,15-ке дейін) әлсіреді;
Мексика песосы геосаяси тәуекелдердің өршуі және ақпан айының ортасында инфляцияның күткеннен де жоғары болуы аясында 0,3%-ға (20,29-дан 20,35-ке дейін) әлсіреді;
Индонезия рупиясы тәуекел дәрежесінің нашарлауы аясында 0,3%-ға (14327-ден 14364-ке дейін) әлсіреді;
үнді рупиясы жеткізілімдердегі іркілістерге қатысты қауіптерге байланысты энергия тасымалдағыштар бағасының рекордтық өсуі аясында 0,8%-ға (74,66-дан 75,29-ға дейін) әлсіреді;
түрік лирасы Украина төңірегіндегі тұрақсыз геосаяси шиеленіс пен инфляцияның өсуі аясында 1,2%-ға (13,66-дан 13,82-ге дейін) әлсіреді;
Ресей рублі арнайы әскери операцияның жүргізілуі, Ресейге қатысты санкциялық шектеулердің өсуі аясында 8,1%-ға (77,49-дан 83,75-ке дейін) әлсіреді.