Жаңалықтар

Disney өз фильмдерін ресейлік кинотеатрларға жеткізуді тоқтатты

Disney компаниясы серіктестерімен бірге украиндық босқындарға қажетті гуманитарлық көмек көрсетеді

Фото:kapital.kz

Walt Disney компаниясы Twitter-де Украинадағы жағдайға байланысты өз фильмдерін ресейлік кинотеатрларға жеткізуді тоқтататынын хабарлады.Бұл туралы РИА Новости мәлімдеді.

Біз Ресейде прокатқа шығарылатын фильмдерді тоқтатамыз. Біз жағдайға байланысты әрі қарай шешімдер қабылдаймыз.

Диснейдің айтуынша, компания серіктестерімен бірге украиндық босқындарға қажетті гуманитарлық көмек көрсетеді.