Соңғы 24 сағат ішінде Украинадан Польшаға рекордтық көрсеткіш – 100 мыңнан астам адам кірген
Украинаның 377 мыңнан астам тұрғыны соғыс қимылдары басталғаннан бері Польшаға кірген, деп хабарлады республиканың шекара қызметі. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
«24 ақпаннан бері Шекара қызметінің офицерлері соғыс жүріп жатқан Украинадан қашып кеткен 377 400-ден астам адамды Украинамен шекара бекеттерінде тіркеді», – делінген хабарламада.Шекара қызметінің мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде Украинадан Польшаға рекордтық көрсеткіш – 100 мыңнан астам адам кірген.