Жапония Путин, Лавров және Шойгуға қарсы санкция жариялады
Бұл санкциялар ел басшылығының алты өкіліне қатысты
Жапония Сыртқы істер министрлігі Украинадағы жағдайға байланысты үкіметтің Ресейге қарсы салған санкцияларының егжей-тегжейлерін жариялады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Осылайша, ел басшылығының алты өкілі, атап айтқанда, президент Владимир Путин, сыртқы істер министрі Сергей Лавров және қорғаныс министрі Сергей Шойгу жеке санкцияларға ұшырады.
Бұдан бөлек, жеке санкциялар Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевке, Қарулы күштер бас штабының бастығы Валерий Герасимовқа және Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушевке де қолданылады.
Егер олардың активтері Жапонияда анықталса, онда бұғатталады.
Сонымен қатар, экспорттық санкциялар 49 компания мен ұйымға, соның ішінде ФСБ, ГРУ, «Сухой компаниясы» АҚ, «РАЦ МиГ» АҚ, «Ростек» мемлекеттік корпорациясы және т.б.