АҚШ әуе кеңістігін ресейлік ұшақтар үшін жауып тастады

Жарияланды

Бұл шешімді Джо Байден мәлімдеді

АҚШ билігі ресейлік ұшақтар үшін әуе кеңістігін жабу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы АҚШ президенті Джо Байден мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

«Мен американдық әуе кеңістігін барлық ресейлік рейстер үшін жабуда одақтастарымызға қосылатынымызды жариялаймын», – деді ол.

Ресей президенті Владимир Путиннің Украинада әскери операция басталғаны туралы мәлімдемесінен кейін 35 ел Ресейге әуе кеңістігін жапқанын жариялады. Бұл елдердің тізіміне Еуропалық Одақтың барлық мемлекеттері кіреді. Осы шараларға жауап ретінде Ресей кеше өзінің әуе кеңістігін 36 елдің әуе компаниялары үшін жапқанын жариялады.

Сондай-ақ оқыңыз