Apple өз өнімдерін Ресейде сатуды тоқтатты
Жарияланды
(жаңартылды )
Сонымен қатар, қызметтердің жұмысын шектеді
Apple өз өнімдерін Ресейде сатуды тоқтатып, қызметтердің жұмысын шектейді. Бұл туралы ТАСС агенттігі компанияның сейсенбі күні таратқан мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.
«Біз барлық өнімдерімізді Ресейде сатуды тоқтаттық. Өткен аптада біз елдегі дистрибьюторларымызға барлық экспортты тоқтаттық. Apple Pay және басқа да қызметтерді пайдалану шектелген. RT News және Sputnik News қосымшаларын енді жүктеп алу мүмкін емес», – делінген хабарламада.