Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 1302810
Қазақстанда өткен тәулікте 260 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 1302810.
2 наурыздағы мәлімет бойынша 19 906 адам коронавирус инфекциясынан (18 815 КВИ+ және 1 091 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
2 123 пациент стационарда,
17 783 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
163 адамның жағдайы ауыр,
57 пациенттің жағдайы өте ауыр,
44 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.