ХВҚ мен Дүниежүзілік банк басшылығы Украинаны үш миллиард доллармен қолдауға дайын
ХВҚ мен Дүниежүзілік банк Украинаға үш миллиард доллар көлемінде қаражат бөлуге дайын, деп жазады РИА Новости ұйымдар басшылығының бірлескен мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Украинаны қолдау бағдарламасы бойынша жұмыс жалғасып жатқаны хабарланды. Осылайша, алдағы айларға 3 миллиард долларлық пакет дайындалуда, осы аптада олар кемінде 350 миллион доллар, содан кейін 200 миллион доллар көлемінде көмекті бекітеді.
«ХВҚ-да біз Украинаның жедел қаржыландыру бағдарламасы арқылы шұғыл көмек көрсету туралы өтінішіне жауап беріп жатырмыз, оны біздің басқарма келесі аптада қарастыруы мүмкін», – деді басшылық.
Бұған дейін Франция премьер-министрі Жан Кастекс ел үкіметі Украинаға 300 миллион еуро көлемінде қаржылық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеген. Польша премьер-министрі Матеуш Моравецки Еуропалық Одаққа (ЕО) Украинаны қалпына келтіру үшін 100 миллион еуро бөлуді ұсынды.