Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша?

Жарияланды

Бұл сұраққа Серік Шапкенов жауап берді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шапкенов Қазақстандағы орташа зейнетақыны атады, деп хабарлайды Sputnuk.kz.

Министрдің айтуынша, елімізде 2,2 миллион зейнеткер бар. Бюджеттен төленетін зейнетақының орташа мөлшері 99 937 теңге. Келтірілген мәліметтерге сәйкес, бұл сома базалық (31 098 теңге) және ынтымақты зейнетақыдан (68 839 теңге) тұрады.

Шапкенов 2021 жылы қазақстандықтарға тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделуге ақы төлеу үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға рұқсат етілгенін еске салды. 2022 жылдың 18 ақпанындағы жағдай бойынша 2,79 трлн теңгеге 1 миллион өтінім мақұлданды.

Министрдің мәлімдемесіне сәйкес, Қазақстанда 2023 жылдан бастап жұмыс берушілерден 5 пайыздық міндетті зейнетақы жарнасын енгізу жоспарлануда.

Сондай-ақ оқыңыз