Испания Украинаға қару-жарақ жібереді

Жарияланды (жаңартылды )

Қорғаныс министрі Роблес Испания Украинаға гранатомет пен пулемет жіберетінін айтты

Испания қорғаныс министрі Маргарита Роблес Мадрид Украинаға 1370 гранатомет, 700 мың оқ-дәрі, сондай-ақ жеңіл пулеметтер жіберетінін айтты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Министрдің айтуынша, 4 наурыз, жұма күні таңертең Әскери-әуе күштерінің екі ұшағы шабуылдаушы қаруларымен жіберіледі. Қару-жарақ Польшадағы «Украинамен шекараға жақын нүктеге» жеткізіледі, ол жерден оларды «Украина билігі алып кетеді», – деп қосты Испания Қорғаныс министрлігінің басшысы.

Бұған дейін Германия Украинаға 500 Stinger зымыраны мен 1000 танкке қарсы Panzerfaust гранатометтерін жеткізгені хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз