Нұр-Сұлтанда тегін дәрі-дәрмек алуға 13,2 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалды

Жарияланды

Жыл ішінде ПТР диагностикалық қызметіне 5,14 млрд теңге жұмсалып, 831 мың сынақ жүргізілді

2021 жылы Нұр-Сұлтан тұрғындары 13,2 млрд теңгеге тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді, деп хабарлады Ұлттық әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елордалық филиалы.

Ұйымның мәліметінше, бір жыл ішінде 233 063 науқас 910 907 тегін рецепт бойынша 13,16 млрд теңгеге дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы заттарды алған.

Коронавирус жұқтырған ересектерге 253,57 миллион теңгеге бактерияға қарсы, қызуды түсіретін және антикоагулянттар берілді.

Жыл ішінде ПТР диагностикалық қызметіне 5,14 млрд теңге жұмсалып, 831 мың сынақ жүргізілді. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары МӘМС-тегі мәртебесіне қарамастан тегін медициналық көмек алады.

Елордада бір жыл ішінде медициналық көмекке және індеттің алдын алу қызметіне 21,63 млрд теңге, үйдегі стационар аясындағы медициналық көмекке 2,3 млн теңге жұмсалды.

Жыл ішінде мобильді топтардың шығуына ӘМСҚ 1,33 млрд теңге жұмсады.

Сондай-ақ оқыңыз