Жаңалықтар

2021 жылы Ұлттық Банктің төлем жүйелері арқылы күніне орта есеппен 3,2 трлн теңге сомаға төлем жүргізілді

Ақша аударымдарының жалпы көлемі 862 трлн теңгені құрады

Фото:aqtobegazeti.kz

2021 жылы төлем жүйелері мен қаржы ұйымдарының тікелей корреспонденттік шоттары арқылы ұлттық валютада жасалған қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарының жалпы көлемі 862 трлн теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.

Оның 91%-ы Ұлттық Банктің төлем жүйелері – Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі арқылы жүргізілді.

ҚҰБ ұлттық төлем жүйелеріндегі транзакция саны 59,3 млн теңгені, жалпы сомасы – 782,1 трлн теңгені құрады. Осылайша, операциялар жүргізілген күндері осы жүйелерге түскен орташа жүктеме күніне сомасы 3,2 трлн теңге болатын 241,2 мың төлемді құрады. Орташа есеппен минутына 4,8 млрд теңге сомаға төлем жүргізілді.