14 наурыздан бастап
Франция үкіметі 14 наурыздан бастап кітапханаларға, мұражайларға, дәмханаларға және басқа да қоғамдық орындарға бару үшін қажетті вакцина төлқұжаттарының күшін жою туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ТАСС Франция премьер-министрі Жан Кастекске сілтеме жасап хабарлайды.
«Санитарлық режимді жұмсарту үшін жағдай жасалды. 14 наурыздан бастап біз вакцина төлқұжаттарының қолданылу мерзімі қай жерде болса да тоқтатылатынын хабарлаймын », – деді ол.
Үкімет басшысы сондай-ақ, 14 наурыздан бастап қоғамдық көліктерден басқа барлық қоғамдық орындарда медициналық бетперде киюдің тоқтатылатынын растады.