Соғыс кезінде Украина халқы қалай өмір сүріп жатыр?
Украинада соғыс басталғалы тоғызыншы күн. Тек ресми мәлімет бойынша, қайтыс болғандардың саны мыңға жетеді. Жарылған снаряд пен атылған оқтан қорғанған адамдар бомбапана мен метроға тығылуға мәжбүр. Біреу әскерге керек қан тапсырса, қауіпсіздік қызметкерлері көше күзетіп, қираған қала тұрғындары «Молотов коктейлін» дайындап жүр. Укранин халқы осы қиын күндерді қалай өткеріп жатқаны жайлы суреттер сөйлесін.
Харьковтағы метрода адамдар оқ пен оттан жасырынып жүр. Сол жерде олар телефондарын қуаттайды.
Төмендегі сурет Украина мен Словакия шекарасындағы өткізу бекетінде түсірілген.
Ужгород тұрғындары әскерилерге камуфляж торын тоқып отыр.
Харьковтың бір шетінде РФ Қарулы күштері жалпы әскери жарғысының көшірмесі жатыр.
Харьковтегі Пятихатка маңында оқ түскен үй.
Днепр қаласының тұрғындары зардап шеккен әскерилерге қан тапсырып жатыр.
Ұлттық ұлан әскерилері Ивано-Франковск көшелерін күзетіп жүр.
Оқ астында қалған Харьков.
Бомба мен зымыран шабуылынан кейінгі Киев телемұнарасы.
Батыс Украина тұрғындары «Молотов коктейлін» жасап отыр.
Ракета шабуылынан кейінгі құтқару жұмыстары
Украинаға басып кірген Ресей Қарулы күштерінің эмблемасы осындай.
Оқтан қатты зардап шеккен спорт тауарлары дүкені