Төлем карточкалары арқылы қолма-қол ақшасыз жүргізілетін операциялар 2,2 есе өсті
2021 жылы жалпы көлемі 93,7 трлн теңге сомаға 6,5 млрд операция жүргізілді

Қазақстандық банктердің төлем карточкалары арқылы 2021 жылы жалпы көлемі 93,7 трлн теңге сомаға 6,5 млрд операция жүргізілді (2020 жылы – 52 трлн теңге сомаға 3,2 млрд операция жүргізілген). Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.
Төлем карточкалары бойынша операциялар көлемінің 78% (73,1 трлн теңге) қолма-қол ақшасыз тәсілмен жүргізілді және 22% (20,6 трлн теңге) банкоматтардан қолма-қол ақша алуға келеді.
2021 жылы әр бес қолма-қол ақшасыз операцияның үшеуі интернет және мобильді банкинг арқылы жүргізілді, олардың үлесі жалпы көлемнен 83% құрады. Орташа алғанда, интернет және мобильді банкинг арқылы жүргізілген күнделікті операциялар көлемі жалпы сомасы 167 млрд теңгеден артық 11,5 млн-нан асты.
Төлем карточкаларын пайдалана отырып, тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін инфрақұрылым кеңеюде. POS-терминалдардың саны 2,4 есеге өсіп, 509 мың бірлікті құрады. Нарықтағы POS-терминалдардың 97% жанасусыз төлем функциясын қолдайды.
Төлем карточкаларын қабылдайтын кәсіпкерлер саны 2,5 есеге өсіп, 274 мыңды құрады.