Инвестиция

Қазақстан акциялары LSE-де арзандап жатыр

Бұл –Украинадағы соғыс, геосаяси шиеленіс пен қазақстандық компанияларға да жанама әсер еткен Ресейге қарсы санкциялардың салдары.

Халық банкі, Kaspi мен Қазатомөнеркәсіптің Лондон қор биржасында сатылып жатқан акцияларының құлдырауы жалғасып жатыр. Бұл –Украинадағы соғыс, геосаяси шиеленіс пен қазақстандық компанияларға да жанама әсер еткен Ресейге қарсы санкциялардың салдары. Акциялардың арзандауы ақпан айында басталып, наурызда жалғасып жатыр.

Дегенмен, қазақстандық финтех Kaspi ҒДҚ-сы (бір жай акцияға тең) екі күн қатарынан арзандап барып, кеше 11,1%-ға өсіп, 39 долларға дейін көтерілді. Ақпан айында компания акциялары Ресейдің Украинаға басып кіруі мен Ресейге салынған санкциялардан кейін 29,4%-ға арзандады.
Сол кезде Қазақстан қор биржасында компанияның акциялары да (KSPI коды) 11,32%-ға төмендеп, бір акцияға 48,80 долларды құрады.

Лондон қор биржасындағы Халық Банкі ҒДҚ-сының (40 жай акцияға тең) құны өзгерген жоқ және бір акция үшін $8,60 деңгейінде қалды. Алайда ақпан айында банк акциялары 21,2%-ға төмендеді. Наурыздың басынан бері меншікті капитал 15,7%-ға төмендеді.

KASE-де Халық банкінің акциялары (HSBK) кеше 8,73%-ға төмендеп, бір акцияға $0,23 құрады.
Әлемдік уран өндіруші жетекші компаниялардың бірі – Қазатомөнеркәсіп акциялары әзірге аса қатты құлдыраған жоқ. Оның LSE-дегі GDR-і бар болғаны 2,8%-ға арзандап, 26 долларға дейін төмендеді. Ақпан айында компания меншікті капиталы құнының 6,1%-ын ғана жоғалтты. Дегенмен, наурыздың алғашқы күндерінде меншікті капитал 11,6%-ға төмендеді.

KASE биржасында Қазатомөнеркәсіп акциялары (KZAP) 6,04%-ға төмендеп, бір акцияға $25,16 құрады.