Қазақстанда жалдамалы жұмыскер саны өсті

Жарияланды

2021 жылғы 4 тоқсанда жалдамалы жұмыскерлер санының 32,1 мың адамға өсуі және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар санының 33,1 мың адамға қысқаруы байқалды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайты хабарлады.

Тұтастай алғанда, Қазақстанның еңбек нарығында осы кезеңде жұмыссыздар саны қысқаруды жалғастырды, белсенді жұмыспен қамтылмаған адамдар еңбек нарығына қайта оралуда, ал қашықтықтан жұмыспен қамтудың танымалдығы төмендеуде.

Жұмыс күшінің жалпы саны 2021 жылғы 3 тоқсанмен салыстырғанда 1,3 мың адамға қысқарды, алайда жылдық мәнде бұл көрсеткіш 0,3% – ға (29,9 мың) 9,3 млн адамға дейін өсті. Бұған өткен жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда жұмыспен қамтудың жалпы 0,4% – ға (30,8 мың) 8,8 млн адамға дейін өсуі ықпал етті.

Жұмыспен қамту құрылымында 4-тоқсанның қорытындысы бойынша жұмыс істейтін халықтың 76% (6,72 млн) жалдамалы еңбекпен қамтылды, олардың саны 2021 жылғы 3 тоқсанмен салыстырғанда 0,5% – ға (32,1 мың) артты. Тиісінше, жұмыспен қамтылғандардың 24% – ы (2,1 млн) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар болып табылады, олардың саны алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 1,6% – ға (33,1 мың) қысқарды.

«Сонымен қатар, егер өткен жылдың басы мен аяғының көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, жалдамалы жұмысшылар мен өзін – өзі жұмыспен қамтыған халық санының тиісінше 14,3 мың және 16,5 мың адамға өскенін атап өтуге болады», – деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Басқарушы директоры Александра Молчановская.

Сондай-ақ, сарапшы 2021 жылдың соңына қарай жұмыссыздар саны қысқаруды жалғастырғанын атап өтті.

«Өткен тоқсанмен салыстырғанда азаю бар болғаны 350 адамды құрағанына қарамастан, бір жылдық кезеңде олардың саны 2,6 мың адамға қысқарды. Жұмыссыздық деңгейі алдыңғы бес тоқсандағыдай 4,9% деңгейінде қалды», – деді Александра Молчановская.

Экономикалық белсенділікке оралу белсенді жұмыспен қамтылмаған адамдар санының азаюымен де көрінеді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыс істемеген немесе жұмыс іздемеген адамдардың саны 13,2 мыңға төмендеп, 4,1 млн адамды құрады.

Жұмыспен қамту сипаттамалары туралы, бұрынғыдай, жұмыспен қамтылғандардың көпшілігі қалалық жерлерде тұрады (59%), олардың көпшілігі жалдамалы жұмысшылар. Өз бетінше жұмыспен қамтылу, әдетте, ауылдық жерлерде басым (57%). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың басым бөлігі Түркістан (өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санының 83%), Алматы (79%), Жамбыл және Батыс Қазақстан (73%) облыстарында.

Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде төрт сала дәстүрлі түрде барлық жұмыспен қамтудың 55% – ын алады: сауда, ауыл шаруашылығы, білім беру және өнеркәсіп. Сонымен қатар, жұмыспен қамтудың қызмет көрсету саласына қарай ағу үрдісі жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыз