Еліміздің 30 жүк көлігі Украинадан шығарылды

Жарияланды

Тағы 11 көлік Польша шекарасына қарай бағыт алды

Еліміздің 30 жүк көлігі Украинадан шығарылды, тағы 11 көлік Польша шекарасына қарай бағыт алды. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылғы 5 наурыздағы жедел деректерге сәйкес Украина аумағында қалып қойған 57 автокөліктің 30-ы шығарылды.

27 жүргізуші әлі де Украина аумағында қалып отыр. Оның ішінде 11 жүргізуші қазіргі уақытта Украина мен Польша шекарасындағы Рава-русская (Украина) – Гребене (Польша) өткізу бекетіне қарай жіберілді. Әрі қарай олар Беларусь және Ресей аумақтары арқылы елге бет түзейді.

Сондай-ақ оқыңыз