KASE-де доллар бағамы 500 теңгеден асты
Қазақстан қор биржасында сағат 11-де жабылған сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңге тағы әлсіреп, доллар бағамы 500-ден асты. 1 доллар үшін орташа бағам 501,64 теңгені құрады.
Ұлттық валюта кешегі сессиямен салыстырғанда 11 сағатта 4,62 теңгеге әлсіреді.
kurs.kz мәліметі бойынша Алматының айырбастау пункттерінде доллар 517,41 теңгеден сатып алынып, 522,42 теңгеге сатылып жатыр. Ал еуроны 545,2 теңгеден сатып алады, 573,7 теңгеден сатады.
S & P халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның рейтингін растау туралы хабарламасында ағымдағы оқиғаларға байланысты 15%-ға құнызданған теңге 2022 жылдың екінші жарты жылдығында нығаяды деп болжайды.
Бұл кезде мұнай бағасы өсіп жатыр. Мәселен, 4 наурыздағы сауда-саттық қорытындысы бойынша мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 6,85%-ға, $118,03-ке дейін өсті. Солтүстік Американың WTI маркалы мұнайының сәуір фьючерстері 6,84%-ға, 114,03 долларға дейін қымбаттады.