Жаңалықтар

Louis Vuitton, Hermes және Chanel Ресейдегі дүкендерін уақытша жабады

Осыған дейін көптеген шетелдік компаниялар Ресейдегі қызметін тоқтатқанын хабарлаған

Француздық Louis Vuitton, Hermes және Chanel сән үйлері Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты Ресейдегі бутиктерін уақытша жабады, деп хабарлайды РИА Новости  Франс-Пресс агенттігіне сілтеме жасап.

Louis Vuitton өкілінің агенттікке хабарлауынша, «аймақтағы жағдайды ескере отырып» Ресейдегі 124 дүкен 6 наурыздан бастап жабылады.

 Бұған дейін француз сән үйі Украинадағы қақтығыстардан зардап шеккен балалар мен отбасыларға көмек ретінде бір миллион еуро бергенін мәлімдеген.

«Біз өкінішке орай Ресейдегі дүкендерімізді уақытша жабу және 4 наурыздан бастап барлық коммерциялық қызметті тоқтату туралы шешім қабылдадық», – деді Hermes мәлімдемесінде.

Ресейде 17 бутигі бар Chanel сән үйі дүкендерді жабуға, Ресейге тауар жеткізуді тоқтатуға мәжбүр еткенін айтты.

Бұған дейін көптеген шетелдік компаниялар, соның ішінде шведтік IKEA компаниясы Ресейдегі қызметін тоқтатқанын хабарлаған болатын. Airbnb қысқа мерзімді жалға беру қызметі, Booking.com брондау қызметінің веб-сайты қызметін тоқтатты.