АҚШ президенті бұл жағдайға Ресей жауапты екендігін айтты
Қарапайым америкалықтар үшін бензин бағасы Ресейге қарсы санкцияларға байланысты көтеріледі, бірақ мұндай жағдайда АҚШ әкімшілігі ештеңе істей алмайды. Бұл туралы сейсенбі күні журналистердің сұрақтарына жауап берген АҚШ президенті Джо Байден айтты. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
Мемлекет басшысынан бензин бағасына қатысты жағдай туралы сұрақ қайылды «Бензин бағасы өседі», – деп жауап берді Байден. Содан кейін одан бұл туралы не істеуге болатынын сұрады. «Енді біздің қолымыздан келетін нәрсе аз <…>. Ресей жауапты», – деді америкалық көшбасшы.