Елімізде індетке байланысты ахуал қандай
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК2022 жылғы 09 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын ұсынды
«Қызыл» аймақта:
«Сары» аймақта :
«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.
9 наурыздағы мәлімет бойынша 13 748 адам коронавирус инфекциясынан (12 693 КВИ+ және 1 055 КВИ-) емделуде, олардың ішінде
1 348 пациент стационарда,
12 400 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
101 адамның жағдайы ауыр,
38 пациенттің жағдайы өте ауыр,
23 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.