Жаңалықтар

НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері шұғыл жиын өткізеді

Кездесу 16 наурызда бейнеконференция режимінде өтеді

Фото: Анадолу сайты

НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлері Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясына байланысты шұғыл жиын өткізеді. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

НАТО Бас хатшысы Ян Столтенбергтің төрағалығымен өтетін отырыс 16 наурызда бейнеконференция арқылы өтеді.

НАТО соңғы апталарда бірнеше жоғары деңгейдегі кездесулер өткізді.

16-17 ақпанда НАТО қорғаныс министрлері кездесті, ал 2022 жылы 25 ақпанда ел басшыларының қатысуымен бейнеконференция режимінде кездесу өтті.

4 наурызда НАТО-ның Брюссельдегі штаб-пәтерінде сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті.