Жаңалықтар

Сауд Арабиясы мен БАӘ ханзадалары Байденмен сөйлесуден бас тартты

Ақ үйдің телефон арқылы сөйлесу әрекеті сәтсіз аяқталды

Ақ үйдің АҚШ президенті мен Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің мұрагер ханзадаларымен телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастыру әрекеті сәтсіз аяқталды. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Wall Street Journal Ақ үйдегі жоғары лауазымды дереккөздерден белгілі болғандай, президент Байден Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман және Абу-Даби Мұхаммед бин Заид әл-Нахьянмен мұнай нарығындағы жағдайды және бензин бағасын талқыламақ болған.

Әңгіменің басты тақырыптарының бірі Украинаны халықаралық аренада қолдау мәселесі де болды.

Президент әкімшілігі қанша тырысқанымен телефон арқылы сөйлесуді ұйымдастыру мүмкін болмады.

Wall Street Journal есебіне сәйкес, Байден мен мұрагер ханзадалардың қарым-қатынасы жақсы емес.