Қазақстан Украинаға 2,2 миллион долларға дәрі-дәрмек жібермек

Жарияланды

Гуманитарлық көмектің салмағы 82 тонна болмақ

Фото:shutterstock

Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек ретінде 2,2 миллион доллардан астам медициналық мақсаттағы бұйымдарды жібереді, деп хабарлайды Интерфакс.

«Үкімет жанындағы Халықаралық гуманитарлық көмек жөніндегі комиссия Украинаға жалпы құны 2 251 445 АҚШ долларын құрайтын 25 түрлі медициналық препараттардың партиясын бөлу туралы шешім қабылдады», – делінген Қазақстан Республикасы Үкіметінің хабарламасында.

Қазір жүкті межелі жерге жеткізу мәселесі пысықталуда.

«Тауарларды Украина аумағына тікелей жеткізу қазіргі уақытта өте қиын. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының үкіметі Украинаға халықаралық гуманитарлық көмекті қабылдау және тарату үшін хабтар орналастырылған көрші мемлекеттермен келіссөздер жүргізуде», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз