Еуропада коронавирустың жаңа түрі пайда болды

Жарияланды

ДДҰ үш елде дельтакронды растады

Фото:shutterstock

Еуропаның үш елінде COVID-19 «дельтакрон» коронавирусының жаңа штаммы табылды.

Ақпаратты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімшесінің техникалық тобының жетекшісі Мария ван Керкхове растады, деп жазады РИА Новости.

Оның айтуынша, штамм Францияда, Нидерландыда, Данияда табылған, бірақ инфекцияның өте төмен деңгейі тіркелген.

Ван Керкхове дельтакронның Delta AY.4 және Omicron BA.1/BA.2 штаммының кіші түрлерінің қосындысынан шыққанын айтты.

Штамм туралы алғаш рет қаңтар айының басында Кипр университетінің биологиялық ғылымдар факультетінің бір топ ғалымдары хабарлады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оның бар екеніне ұзақ уақыт бойы күмән келтірді. Осыған байланысты қазіргі уақытта симптомдар туралы ақпарат жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз