Мәсімов шет мемлекет өкілінен 2 млн доллар пара алған

Жарияланды
Оның үйінен ақша толы чемодандар табылды

Оның үйінен ақша толы чемодандар табылды

ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов жабық келісімшарт бойынша шет мемлекет өкілінен 2 млн АҚШ доллары сомасында пара алған деп мәлімдеді.

Бұл ақша Гонконгтан Қазақстан Ұлттық банкіне қайтарылған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық міндеттерін асыра пайдалану күдігі бойынша Мәсімов пен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық істі жалғастырып жатыр.

Сонымен қатар, тергеу барысында Мәсімовтің іс-әрекетінде сыбайлас жемқорлық белгілері анықталған.

Мәсімов Премьер-министр болған кезінде бизнес-құрылымның бірінен құны 2,5 млрд. теңге элиталық тұрғын үй мен жер телімін алуы бойынша да тергеу жүріп жатыр.

2022 жылғы қаңтарда Мәсімов ұсталғаннан кейін бұл үйден үйден 17,2 млн АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша, сондай-ақ көптеген құнды заттар: қымбат сағаттар, алтын құймалары, антиквариат және т.б. табылған.

Бұдан бөлек, бизнес санаттағы 11 қымбат автомашина алынды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы екі элиталық пәтер, Алматыдағы 2 пәтер мен дербес сарай, сондай-ақ Щучье-Бурабай шипажайы аймағы көлінің жағасындағы аумағы 1 га жер телімі секілді түліктерінен арест қойылған.

Мәсімовтің жақындарынан 5,1 млн. АҚШ доллары алынып, оған да тыйым салынған. .
Сонымен қатар, Мәсімов пен оның айналасындағылар шетел банктеріне заңсыз шығарған аса ірі мөлшердегі ақшалай қаражатты іздестіру, бұғаттау және Қазақстанға қайтару қолға алынған.

Сондай-ақ оқыңыз